Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

26 Маусым 2023, 11:49
1502
Бөлісу:
Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды
PHOTO
Фото: автордан

Елордада Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion» кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Би фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 12 топ қатысты.

12 сәуір-31 мамыр аралығында Қазақстанның 12 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және т.б. қалалардан 99 команда билерінің бейнероликтерімен қоса, чемпионатқа қатысуға өтінімдер жіберді. Финалдық концертке қатысу үшін 12 команда іріктелді. Бірінші және екінші орын алған жеңімпаз командалар орталық дайындаған жүлделермен қатар биыл Корея Республикасында өтетін «Changwon k-Pop World Festival» іріктеу турының алдын ала кезеңіне қатысу үшін өтінім беруге арнайы мүмкіндік алады.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

Концерт басталмас бұрын Корей мәдени орталығы фойеде корей мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін жарнамалық стенд орнатып, қосымша мәдени бағдарламалар да ұйымдастырды. Орталықтың жарнамалық стендінде буклеттер таратылып, SNS акциясы өткізілді.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

Сонымен қатар қонақтар Корея туы бейнеленген «тхэгыккиді» беттері мен біліктеріне жапыстырып, корейлердің дәстүрлі киімі «ханбок» пен дәстүрлі бас киім «гатты» киіп, естелікке суретке түсе алды.

Қазақстандағы Корея Республикасының Елшісі Джо Тэ-ик чемпионатқа қатысушы командаларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

K-Pop биінің кавер байқауы бүкіл әлемде өтетін танымал іс-шараға айналды. Біздің қазақстандық жастар өздерінің ынта-жігерінің арқасында қазан айында Кореяда өтетін Changwon K-Pop әлемдік фестивалінің финалына өтіп, жеңімпаз атанады деп сенемін, - деді дипломат.

Айта кетсек, Джо Тэ-ик мырзаның Қазақстанға дипмиссиямен келгеніне бір айдай уақыт болған.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

Осы концертте барлық 12 команда K-Pop жұлдыздарының концерттерінен еш кем түспейтін «Twice», «Seventeen» және т.б. сияқты әртістердің әндеріне шебер орындалған кавер-қойылымдарын көрсетті. Бишілер залға жиналған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Seventeen» тобының «Hit» әніне кавер-орындағаны үшін бірінші орын алған Midnyt (Қарағанды) командасының көшбасшысы Марк Цой көрермендерге алғыс айтты.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

Көптеген көрермен алдында өнер көрсету мүмкіндігі күн сайын берілмейді. Сахнаның басты кейіпкерлері болу мүмкіндігі бізге ұмытылмас тәжірибе жинауға көмектесті. Біздің команданың осы байқауда бірінші орынға ие болғанына өте қуаныштымын және барлық қойылымды тамашалаған көрермендерге, сондай-ақ әділетті баға берген төрешілерге ризамын. Біз қажырлы дайындық жүргізіп, Кореяда да K-Pop жанрында өз шеберлігімізді көрсеткіміз келеді, - деді ол.

Екінші орынды «Seventeen» тобының «Super» әніне қатысқан Z1 (Алматы) командасы, ал үшінші орынды «Loona» тобының «Paint The Town» әнімен қатысқан BBG (Қарағанды) командасы иеленді. Үш жеңімпаз команда экшн-камера, ауа тазартқыш және музыка орталығы сыйлықтарға ие болды.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды

Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан биыл елдеріміз арасында мәдени алмасу жылы жалғасып жатқанын айтты.

Қатысушыларды қолдауға келген көрермендерге, сондай-ақ сахнаны керемет қойылымдарымен безендірген барлық қатысушы командаларға алғыс айтамын. Биыл жалғасып жатқан Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылы аясында біз түрлі іс-шаралар өткізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан белсенді болуға шақырғым келеді, - деп айтты орталық директоры.

Kazakhstan K-Pop Cover Dance Champion жеңімпаздары белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы