Қазақ журналистикасының жампозы – Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл

19 Қараша 2020, 14:02
1997
Бөлісу:
Қазақ журналистикасының жампозы – Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Сапар Байжанұлы Байжановтың дүниеге келген күні. Биыл, ағамыз бар болса, 90 жылдығын атап өтуші еді. Сапар Байжанов - еліміздің көшбасшы басылымы, кешегі «Социалистік Қазақстан» - бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетіне ұзақ жылдар басшылық етіп, мәдени және әлеуметтік дамуымызға үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері, қазақтың майталман публицист-жазушысы, - деп жазды министр.

Балаева Сапар Байжановтың «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» атты еңбектері ұлтымыздың рухани қоры екенін атап өтті. 

Оқырмандардың ықыласына бөленген оның «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» сынды зерттеулері - ұлтымыздың рухани қоры. Сапар Байжанұлының артында 30-ға жуық авторлық және аударма кітап, 300-ден аса мақала, очерк, эсселер және пьесалық шығарма қалған. Қазақ журналистикасының ағасы, тау тұлға – Сапар Байжановтың бүгінгі 90 жылдығында, оның өнегеге толы өмірін, шығармашылық еңбек жолын тағы бір еске ала отырып, артында қалған асыл текті ұрпағына «Ер есімі мәңгі ел есінде» дегім келеді, - деп қорытындылады ол.
Өзгелердің жаңалығы