«Қазақ тілі – технологиялық тіл емес» деген таптаурын қалыптасып қалған – Мусин

5 Қараша 2021, 16:40
1567
Бөлісу:
«Қазақ тілі – технологиялық тіл емес» деген таптаурын қалыптасып қалған – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Qazforum қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

10 жыл бұрын ақпараттық дәуір дейтінбіз, енді ол қазір цифрлық дәуірге айналды. Пандемия ақпараттық емес, цифрлық дәуір екенін көрсетті. Елбасының тапсырмасымен «Цифрлық Қазақстанды» бастадық, осы бағдарламаның арқасында цифрландыруға біршама бейімделе алдық. Шынына келгенде, Электрондық үкіметіміз бар, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде ала аламыз. Бірақ оны әрі қарай дамыту үшін не қажет? Цифрлық дәуірге бейімделу үшін қандай жаңалықтар енгізу қажет? Осы сұрақтарға жауап бергім келеді, – деп айтты министр.
Мусиннің сөзінше, бұрын Электрондық үкімет басталған кезде автоматтандырумен жүрдік. Автоматтандыру – бүгінгі күнгі процестерді IT саласының екпінін пайдаланып, автоматтандырылуын көз алдымызға елестете білгенбіз. Сондықтан Электрондық үкімет, онлайн қызметтер пайда болды.
Ал цифрлық трансформация дегеніміз – қазіргі цифрлық трансформациядан өте алу не өте алмау. Бүгінгі таңда өтіп жатқан Халық санағын автоматтандыру онлайн сұрақ арқылы жауап алу. Ол процесті автоматтандырдық. Енді цифрлық трансформациядан мемлекетіміз өтуі керек. Оны өткізу үшін не қажет? Бізге адами қабілет, адами ресурстар қажет, – деді Цифрлық даму министрі.
Министр атап өткендей, әр салаға IT қабілеттілікті қосу керек.
Мұнайшы, слесарь, сантехник болса да көзімізді алысқа жүгіртсек, олар да ауысады. «СТО» болмайды. Өйткені автономды көліктерді пайдаланамыз, жүргізушілер болмайды. Слесарьдің орнына басқа мамандар келеді. Жаңа мамандықтарға бейімделу үшін қазіргі таңдағы білім беру жүйесін толыққанды IT-мен ықпалдастыру керек. Сол себепті қатарымыздан қалып кетпес үшін 2-3 мәселені қозғауымыз қажет, – деп атап өтті министр.
Форум кезінде Бағдат Мусин қазақ тілінің мәселесін де көтерді.
Қазақ тілі өзіміздің қолымызда. Ол басқа ұлттарға қажет емес. Оны технологиялармен ықпалдастыру, бейімдеу және жаңа технологияларда, жасанды интеллектіде қазақ тілінің пайда болуы тек біздің қолымызда. "Қазақ тілі – технологиялық тіл емес" деген таптаурын қалыптасып кетті. Осы таптаурынды бұзу үшін қазақ тілі мен технологияларды бір-бірімен ықпалдастыру үшін жұмыстар жасалып жатыр, – деп сөзін қорытындылады министр.
Бағдат Мусин осы ретте стартап жобалар жасалып жатқанын атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы