Қазақ-өзбек шекарасындағы «Б. Қонысбаев» өткізу пункті қайта жаңғыртылды

10 Сәуір 2021, 20:21
1594
Бөлісу:
Қазақ-өзбек шекарасындағы «Б. Қонысбаев» өткізу пункті қайта жаңғыртылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында іссапармен болған Премьер-министр Асқар Маминге қазақ-өзбек шекарасы учаскесіндегі «Б. Қонысбаев» өткізу пунктін қайта жаңғырту мен техникалық жарақтандыру жұмыстары таныстырылды. 

Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 

Өткізу пункттерінің қуатын үйлестіру үшін Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында өткізу пункттерін, автомобиль жолдарын салу,  жаңғырту және Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында іргелес аумақты жайластыру жөніндегі Жол картасына (бұдан әрі – жол картасы) қол қойылған болатын. Шекараны кесіп өту пункттерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету - шекарадан өту уақытын қысқарту сияқты сауданы жеңілдету жөніндегі шаралармен сәйкес келуі тиіс.

Осыған байланысты 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың желтоқсанына дейін қазақ-өзбек шекарасы учаскесіндегі ең ірі өткізу пункттерінің бірі – «Б. Қонысбаев» қайта жаңғыртылды.

Өткізу пунктін жобалау кезеңінде үздік халықаралық тәжірибе ескерілді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде өткізу пункті жабылған жоқ. Бірінші кезеңде кеңейтілетін учаскеде терминалдың импорттық жағы, екінші кезеңде - барлық ескі ғимарат пен жабдықты бұзуды ескере отырып, экспорттық тарап салынды. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың адамды қамтитын жаңа жолаушылар терминалы салынды, паспорттық бақылау кабиналарының саны 6-дан 16-ға дейін ұлғайтылды. Пунктте эпидемиологиялық объектілер анықталған жағдайда жүгі бар автокөлікті оқшаулау үшін санитариялық тұрақтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа аумақ кеңейтіліп, келетін және кететін көлік ағындары бөлінді, қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, салмақ габариттік параметрлерін тоқтаусыз өлшеу және көлік құралдарын сканерлеу үшін үш біріктірілген кешен орнатылды, 8 орынға тереңдетілген тексеру орны салынды, 50 көлік құралына бақылау нәтижелерін күту орындары жабдықталды.

Жаңғырту нәтижесінде шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқартылды.

Алдын ала ақпарат алмасу бойынша өзбек әріптестерімізбен өте тығыз қарым-қатынасқа қол жеткізілді. Әрбір экспорттық кедендік декларация бойынша күн сайынғы негізде сыртқы сауда көлемдерін салыстыру жүзеге асырылады. Өткен жылы салыстыру қорытындысымен 1 мыңнан астам тауарларға арналған декларация бойынша бюджетке қосымша 1 млрд теңге өндіріп алынды, - деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Сұлтанғазиев таныстыру барысында.

2020 жылы кедендік төлемдер мен салықтар барлығы 1 281 млрд теңге, оның ішінде Өзбекстан Республикасымен сауда айналымы кезінде 149 млрд теңге түскен.

Жол картасын іске асыру мақсатында 2021-2024 жылдар кезеңінде өткізу пункттерін жаңғырту және реконструкциялау жоспарланған (9 автомобиль және 1 теміржол) ЕАЭО сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесінде, оның ішінде Қазақстан-Өзбекстан шекарасында 4 өткізу пункті бар.

ЕАЭО сыртқы шекарасының бүкіл периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарларды өткізудің бүкіл циклін автоматтандыру кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыруға, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржылық шығындарын азайтуға оң әсер етеді, - деп толықтырды Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Өзгелердің жаңалығы