Қазақ-өзбек шекарасында еркін экономикалық аймақ құрылады

2 Желтоқсан 2021, 11:05
1175
Бөлісу:
Қазақ-өзбек шекарасында еркін экономикалық аймақ құрылады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев «Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен әлеуеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелінің кулуарында айтты.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында өнеркәсіптік кооперация бойынша орталық ашылады. Бұл еркін экономикалық аймақ болады. Аймақтағы кәсіпорындар қымбат бағадағы өнімдерді өндіріп, қайта өңдейді. Қазір ол бойынша құжаттарды құзырлы министрліктер әзірлеп жатыр. Болашақта құжаттарға қол қойылады деп күтіп отырмыз, - деді Саидикрам Ниязходжаев.

Елшінің айтуынша, биылғы көктемде Түркістанда оның капсуласы салынды.

Қазір қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленуде. Еркін экономикалық аймақтың мәртебесі туралы құжаттар пысықталып жатыр. Оның кедендік режимі мен салығы қандай болады деген сынды мәселелер қаралып жатыр. Тұжырымдама бойынша қайта өңдеу кәсіпорындары салынады. Бизнес өзі шешеді. Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, техникалық өнімдерді өндіру кәсіпорындары да ашылуы мүмкін, - деді ол.

Елші атап өткендей, бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен қымбатқа сатылатын өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді.

Өндірілген өнімдер біздің елдердің ішкі нарығы мен сыртқы нарығына шығады. Екі ел арасындағы сауда айналымын арттырып, бизнестің араласуын күшейтеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы