Казаэронавигация ұшақ апатына желдің ізі себеп болуы мүмкін дегенді жоққа шығарды

31 Желтоқсан 2019, 11:37
3922
Бөлісу:
Казаэронавигация ұшақ апатына желдің ізі себеп болуы мүмкін дегенді жоққа шығарды

Алматы, BAQ.KZ. РМК "Казаэронавигация" компаниясы Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 лайнерінің апатына басқа әуе кемесінің желді ізі себеп болу мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы Курсив басылымы жазды.

Біз асығыс мәлімдеме жасағымыз келмеді, комиссияның тергеу нәтижесін күткен едік. Бірақ Bek Air компаниясының мәлімдемесі бізді үнсіз қалмауға мәжбүр етті. Фоккер-100 әуе кемесімен оның алдында ұшқан Аэробус А-321 әуе лайнері 136 тонна мөлшеріндегі бірдей ең жоғарғы ұшу массасына ие, ендеше олар тиісінше, орта өлшемдегі әуе кемелері санатына жатады, - делінген компанияның хабарламасында.

"Қазаэронавигация" өкілі түсіндіргендей, халықаралық стандарттар 1 минутқа дейінгі аралыққа рұқсат береді, ал жазбаларға сәйкес, Air Astana-ның Airbus 321 Neo ұшағы мен Bek Air-дің Fokker 100 әуе кемесінің ұшуы арасындағы уақыт 1 минут 52 секундты құрайды.

Ендеше, бұл ұшақтардың әуеге көтерілуі кезінде уақыт интервалын бұзу болмаған.

Бұдан бұрын Bek Air әуекомпаниясының директоры Fokker-100 әуе лайнерінің құлауына одан бір минут бұрын аспанға көтерілген басқа әуе кемесі қалдырған желді із себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы