"Қайрат" клубын ең ұзақ жаттықтырған бапкер қайтыс болды

3 Желтоқсан 2019, 17:56
7576
Бөлісу:
"Қайрат" клубын ең ұзақ жаттықтырған бапкер қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футболдан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Қайрат" клубының ардагері Леонид Остроушко 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы "Қайрат" клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Леонид Остроушко футболшы ретінде барлық карьерасын "Қайрат" сапында өткізген. КСРО жоғары лигасында 200-ден астам ойынға қатысып, 8 гол соққан. Ал бірінші лигадағы 7 маусымда 55 мәрте мергендік танытқан. Ал 1957 жылы команданың үздік бомбардирі атанған. 

Леонид Константинович ұзақ жылдар "Қайраттың" бас бапкері болды. Дәл осы маманның тұсында "Қайрат" жоғары лигадағы ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізді. 1986 жылы "Қайрат" алтыншы орын алған болатын. 1988 жылы Кеңес одағының федерация кубогында топ жарды. 2003 жылы "Қайрат" Остроушконың жаттықтыруымен бесінші рет Қазақстан кубогына қол жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы