Қай өңірлерге блок-бекет орнатылуы мүмкін

30 Қазан 2020, 19:10
2814
Бөлісу:
Қай өңірлерге блок-бекет орнатылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып кеткен жағдайда өңірлерде блок-бекеттер қойылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Бүгінгі күні өзге өңірлерге блокпост қоюдың қажеттілігі байқалып отырған жоқ. Тек Қарағанды облысында блокпост орнату жоспарланып отыр. Алайда, оның өзі блокпост емес, санитарлық бекет болуы мүмін. Бұл алдын алу шараларын арттыру аясындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы болатынбас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы елдегі коронавирус жағдайы бойынша «сары» аймаққа кіргенін айтты, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
  Оның айтуынша, аталған өңірге қарасты Ақтоғай ауданында «Алтын алмаз» кәсіпорны қызметкері арасында коронавирустың өршу ошағы тіркелген. 
Толықтай алғанда ел бойынша қазіргі жағдайға байланысты блокпосттар қою таяу уақыттың ішіне жоспарланып отырған жоқ. Тек эпидемиологиялық жағдай ушығып кетсе ғана қолға алынуы мүмкін, - деді Ерлан Қиясов.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы да коронавирус жағдайы бойынша «сары» аймаққа кіргенін айтты. Бұған дейін «сары» аймақта тек ШҚО болатын.
Өзгелердің жаңалығы