Қатты желдің әсерінен Ақтаудың бас шыршасы құлады

7 Қаңтар 2021, 13:35
2043
Бөлісу:
Қатты желдің әсерінен Ақтаудың бас шыршасы құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатты желдің салдарынан Ақтау қаласының бас алаңындағы шырша құлады, деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бейсенбі күні түнде Ақтау қаласында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетті, соның салдарынан қала орталығында орнатылған жаңа жылдық шырша құлап қалды. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері шыршаны жинау жұмыстарын бастайды.

Өзгелердің жаңалығы