Катонқарағайда құну фототұзаққа ілікті

1 Ақпан 2023, 14:20
2528
Бөлісу:
Катонқарағайда құну фототұзаққа ілікті

Шығыстағы Катонқарағай ұлттық паркінде құну фототұзаққа ілікті. Бір қызығы, жыртқыш ағаш басындағы құрылғыны құлатып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық парк қызметкерлері фототұзақты туып, флешканы «аман сақтап» қалыпты.  Бұл туралы Altaynews жазды.

Біз құнымен қатар Қызыл кітапқа енген бүркіттің, түлкінің суреттері мен бейнежазбасын таптық, - деді ұлттық парк қызметкерлері.

Құну – сүйкімді де, қауіпті жыртқыш. Ол Катонқарағай ұлттық паркінің аумағын мекен ететін gulo тұқымдасының жалғыз өкілі.

Өзгелердің жаңалығы