Катонқарағайда орман өрті оқшауланды

22 Шілде 2023, 19:40
675
Бөлісу:
Катонқарағайда орман өрті оқшауланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман аумағында шыққан өрт 4 күннен кейін тежелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 шілдеде Катонқарағай ауданының Берел орманшылығында өрт шыққан.

Таулы жерде ағаштар мен шөп жанды.

Техниканың жетуі қиын таулы, жартасты жерді шарпыған отпен күресу қиынға соқты. Құтқарушылар өрттің ары қарай таралуына жол бермес үшін тау-тасты кезіп, бар күш-жігерімен биікке көтеріліп отырды. Соның нәтижесінде, 22 шілдеде сағат 11.00-де өрт тежелді. Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 7 гектарды құраған, - делінген ақпаратта.

Өртті ауыздықтауға орманшылар, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 155 адам мен 13 техника, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО авиабөлімшесі мен «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің 3 тікұшағы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы