Ұлттық парк қызметкерлері Қызыл кітабқа енгізілген жануарлардың фотосуреті мен бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Altaynews жазды.
Сондай-ақ өткен жылы Сібір тау ешкісі мен Алтай ұлары кадрға түсіпті.
Ұлар жүрген жерде қар барысы жиі ұшырасады. Сондай-ақ аюлар фототұзаққа үнемі ілігеді. Қонжықтар қатты қорыққандықтан камераны тарпып, құлатып та кетеді. Жалпы бұл кадрлар парк аумағындағы ерекше қорғалатын жануарлардың жағдайы жақсы екенін көрсетеді, – дейді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері.