Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды

7 Маусым 2023, 22:02
978
Бөлісу:
Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өрт қаупінің артуына байланысты Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында жоғарғы өрті класының орын алуына байланысты, орманшылық кеңселерінде жылжымалы ұтқыр топтар ұйымластырылып кезекшілік қойылды. Жергілікті халық және туристердің орман қорына кіруіне шектеу қойылды, – делінген ресми хабарламада.

ТЖД мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 8 маусымда күннің күрт ысуына байланысты ескерту жарияланды, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі де сақталады. Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар қатарынан 46 мобильді топ құрылды.

Өрт анықталған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы