Катонқарағай ауданы жаңа медициналық құрылғылармен толықты

7 Қараша 2020, 17:45
1508
Бөлісу:
Катонқарағай ауданы жаңа медициналық құрылғылармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катонқарағай ауданының ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар әкелінді, деп хабарлады Altaynews.

Атап айтқанда, аурухана ҚР Үкіметінің резерв қаражаты есебінен сандық рентген аппаратымен, УДЗ, ЭКГ аппараттарымен, коагулографпен, гематологиялық және биохимиялық анализаторлармен жабдықталған мобильді диагностикалық медициналық кешенмен толықты, - делінген ақпаратта. 

Аталған кешен жалпы қабылдау кабинеті және маман кабинеті, сондай-ақ гинекологиялық тексеру кабинеттерімен жабдықталған. Мобильді медициналық кешен диагностикалық зерттеулер жүргізуге және көшпелі жағдайда медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы