Катарлық инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығына 500 млн доллар салады

16 Ақпан 2024, 04:18
574
Бөлісу:
Катарлық инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығына 500 млн доллар салады
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Катар мемлекетіне сапары аясында мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылығы секторындағы әріптестік туралы, оның ішінде инвестициялық әріптестік туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, катарлық инвесторлар Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге инвестиция салуға ниетті. Осылайша, Ақмола облысында зауыт салу туралы уағдаластықты көздейтін келісімге қол қойылды. Бұл жоба 200 миллион долларға бағаланып, астық пен бұршақты терең өңдеумен айналысуға бағытталған.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, құрылыс және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру үшін стратегиялық инвестициялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан мен Орталық Азияның аграрлық секторын дамыту үшін бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы секторында инвестициялар тартуға және әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Катар мемлекеті муниципалитетінің министрі Абдулла бен Хамад бин Абдулла Аль Аттиямен кездесу барысында саладағы, атап айтқанда, Катарға қой мен дәнді дақылдарды жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен жоспарлар талқыланды. 2024 жылы Қазақстан Катарға қой етінің экспортын екі есеге арттыруға ниетті.

Ведомство басшылары дәнді дақылдарды Катарға Иран логистикасы арқылы жүзеге асыруды талқылады.

Өзгелердің жаңалығы