Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалын қабылдады

9 Қараша 2021, 18:52
857
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Польша Республикасы Сенатының Маршалы (Спикері) Томаш Гродзкиймен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымықтастықты дамыту перспективасы талқыланды.

Парламенттің бұрынғы спикері ретінде парламентаралық дипломатияны дамытуға баса мән беремін. Елдерімізді бұрыннан бері келе жатқан достық және көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық байланыстыратынын атап өткім келеді. Польшаны Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп білеміз. Польшада болып жатқан жағдайды жіті бақылап отырамыз. Сіздің еліңізге және халқыңызға зор құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалын қабылдады

Қазақстан Президенті мемлекет басшылары арасында сенімді диалог орнағанын және осындай қарым-қатынастар екі елдің заң шығарушы органдары деңгейінде де жалғасатынын атап өтті.

Ынтымақтастығымыздың келешегі зор деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз – осы өзара ауқымды ықпалдастықтың айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалын қабылдады

Өз кезегінде Томаш Гродзский Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Парламенті қос палатасының төрағаларымен табысты кездесулер өткізгені туралы айтты.  

Қазақстанға сапарымыз екі ел арасындағы өзара байланысты дамытуға тың серпін береді деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сіздердің елдеріңіздің даму қарқыны таңғалдырғанын шынайы түрде мойындаймыз. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көрегенділігінің арқасында жүзеге асырылды. Халықтарымыз экономикалық дағдарыстың күрделі кезеңінде дами бастады. Қазақстанды дамыту, Нұр-Сұлтан қаласын өркендету және еліңізде демократияны қалыптастыру жолындағы жеткен жетістіктеріңіз бізге ерекше әсер етті, – деді Польша Сенатының спикері.

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалын қабылдады

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, инфрақұрылымдық және білім беру салалары бойынша байланыстарды дамыту әлеуеті атап өтілді.

Томаш Гродзкий Ақмола облысына сапармен барып, ондағы поляк диаспорасы өкілдерімен өткізген кездесуіне қатысты ой-пікірін ортаға салды. Польша Парламенті жоғарғы палатасының басшысы депортация жылдарында қазақ халқының достық ниеті мен қонақжайлылығының арқасында Қазақстан поляктардың екінші Отанына айналғанын атап өтті.  

Өзгелердің жаңалығы