"Каспийде жоғалған үш қыз". Кінәлілер қандай жаза арқалайды?

31 Шілде 2023, 15:58
3756
Бөлісу:
"Каспийде жоғалған үш қыз". Кінәлілер қандай жаза арқалайды?
Фото: BAQ.KZ - архив

Маңғыстау облысында теңізге үрлемелі матраспен шыққан қыздардың оқиғасына қатысты кінәлілерге қандай жаза қолданылғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қыздардың ағасы 412-бап бойынша балаларды қараусыз қалдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үстіне, бұл жайт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Кінәлары анықталса, олар да заң алдында жауап береді, - деп түсіндірді Ерасыл Сайпаш.

Еске сала кетейік, Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде ашық теңізге үрлемелі матраспен шыққан 3 қыз жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Іздестіру жұмыстарынан соң оларды «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС Сұңқар кемесінің экипажы аман-есен тапты. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы да қатысты. Кейіннен Каспийде жоғалған қыздардың ата-аналары жанжал шығарды

Өзгелердің жаңалығы