Жабайы үйректерді қайықпен басып өткен видео желіде қызу талқыланып жатыр

13 Желтоқсан 2020, 14:14
1932
Бөлісу:
Жабайы үйректерді қайықпен басып өткен видео желіде қызу талқыланып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспийде жабайы үйректерді қайықпен аяусыз жаншып өткен видео желіде қызу талқыланып жатыр. Видеоны Азамат Сәрсенбаев  атты желі қолданушысы  жариялаған. 

Видеодан жастардың моторлы қайыққа мініп, жабайы үйректер үйіріне қалай соғылғанын көруге болады. Қайықта отырғандар жергілікті балықшылар деп болжануда. Олар шеңбер жасап, қайтадан құстарға жақындайды. Роликтің соңында үйректердің зардап шеккенін, сол жерлердегі судың қанға боялғанын көруге болады.

Мұндайларды тауып, барлық заңдық қатаңдықпен жазалау керек. Бұлар итбалықтарды ұрып-соғып, итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған адамдардан да асқан. Оқиға орны Форт-Шевченко ауданында болуы мүмкін (болжаймын), - деп жазады Азамат Сәрсенбаев.
 
Өзгелердің жаңалығы