Каспийде теңізшілер су көлігінде жаттығу өткізді

3 Сәуір 2023, 14:47
1001
Бөлісу:
Каспийде теңізшілер су көлігінде жаттығу өткізді
Фото: Әскери теңіз күштерінен

Биыл Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына – 30 жыл. Айтулы датаға орай БАҚ өкілдеріне әскери теңізшілердің өмірі таныстырылды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

​Журналистер алдымен гетерогенді кемелер дивизионындағы теңіз күштеріне барды. Онда жауынгерлермен жүздесіп, теңізшілердің өмірінің қыр-сырына қанықты. Жауынгерлік кемелер құрылымымен танысуға мүмкіндік туды. Кеме ішіндегі жатын кабиналар, галерея және машина бөлмесін қарап шығуға рұқсат етілді. Сонан соң теңізшілердің түскі асынан дәм татты.

Каспийде теңізшілер су көлігінде жаттығу өткізді

Әскерилер алдын-ала жасақталған жоспарға сәйкес, гетерогенді кемелер дивизионы, су көлігін орналастыру пунктін күзету және қорғау бойынша құраманың базалық жаттығуын пысықтады.

Кемелердің су астындағы шабуылдарға қарсы қорғанысын ұйымдастыру, шахид-қайықтар мен шахид-дрондардың соққысына тойтарыс беру, өртке қарсы күрес, жау соққыларының салдарын жою сынды бірқатар оқу жаттығу тактикаларын пысықтады.

Каспийде теңізшілер су көлігінде жаттығу өткізді

«Бүгін біз араға біраз жыл салып Әскери-теңіз күштерінің кемелеріне міндік. Шынымды айтсам, ерекше әсер алдым. Журналистерді қызықтыратын басты сауал – әскерге шақырылғандар өзін әскерде қалай сезінеді? Кемедегі матростар осы кәсіпті таңдағанына мақтанатындығын жеткізді. Журналистер әскерилермен әр алуан тақырыпта пікір алмасты. Еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғайтын Қарулы күштерге халық зор сенім білдіреді. Сондықтан да теңізшілерге жақсылық тілейміз және біз өз тарапымыздан оларға ақпараттық қолдау танытамыз», – деді журналист Ирина Логвинова.

Каспийде теңізшілер су көлігінде жаттығу өткізді

Журналистер қауымы көк айдынның ортасында өткен шарадан үлкен әсермен оралды.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара Ақтаудағы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда концерттік бағдарламамен жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы