Каспий теңізінің түбін тереңдету жобасы экология үшін қауіпсіз – ғалым

6 Мамыр 2021, 13:12
3290
Бөлісу:
Каспий теңізінің түбін тереңдету жобасы экология үшін қауіпсіз – ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жерде ешқандай қауіп жоқ, Каспий маңындағы елдерді қоса алғанда көп жылдық тәжірибе экологиялық қауіпсіздікті бұзу жағдайлары болмағанын көрсетеді, дейді биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Наталья Огарь. 

Естеріңізге сала кетейік, North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясы – Қашаған мұнай-газ кен орнының операторы теңіз объектілерін қолдау үшін Солтүстік Каспийде тереңдету жұмыстарын жүргізбек. Бұл Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне және Қашаған кен орнының теңіз объектілері ауданындағы су қоймасының таяздануына байланысты жүргізілгелі отыр. Сондықтан кемелердің қолданыстағы жасанды аралдарға өтуі үшін түбін тереңдету қажет болады. Оның үстіне, болжам бойынша Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі судың орташа жылдық деңгейінің төмендеу үрдісі жалғасады.

Теңізде мұнай өндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан қалаларға арналған платформа салынуда. Қазір Каспий теңізі өзінің барлық акваториясында, яғни Иран, Әзірбайжан, Ресей елдеріне қарасты теңіз аумақтарында да таязданып жатыр. Сондықтан кемелер платформаға қалай барып-қайтады деген мәселені шешу керек. Жайық өзені бойынша бұл іс жүзінде мүмкін болмай тұр. Сондықтан платформаға жету үшін түбін тереңдету керек. Дәл осындай кен орындары мен платформалар Ресейде, Бакуде бар, - дейді ғалым.

Сарапшының айтуынша, жоба Каспий теңізі мен оның тұрғындарына зиян тигізбейді. 

Тереңдету жұмыстары өте терең жүргізілмейді. Жұмыс барысында өсімдіктер, балдырлар ол жерден уақытша алынып, кейіннен қайтадан өсірілетін болады. Сонымен қатар, Каспийдегі су астындағы өсімдіктердің көпшілігі теңіз дауылы кезінде тамырымен жұлынып, кез-келген жерге орын ауыстыруы мүмкін. Сондықтан біз бұл жоба бойынша өсімдіктерге айтарлықтай зиян тимейтінін айта кеткіміз келеді. Шын мәніндегі ең үлкен қауіп – ол климаттың жылынуы, оның ішінде теңіздің таяз тартуы. Құстар мен жануарларға, балықтарға да ешқандай қауіп төнбейді, олар тек басқа жерге кетеді. Құстар мұндайға тез үйренеді. Табиғаттың өзі әдетте бәрін қалпына келтіреді, - деді Наталья Огарь.



Өзгелердің жаңалығы