Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық зерттеу орталығы Каспий теңізінде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ AZERTAC-ке сілтеме жасап.
AZERTAC жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:09-да 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі 74 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, қазақстандық сейсмологтар 13 сәуірде Каспий теңізінде жер сілкіністерін де тіркеді.