Каспий тартылып барады: Қазақстан бес мемлекетті шұғыл іс-қимылға шақырды

18 Қараша 2026, 19:36
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Виктор Федюнин 18 Қараша 2026, 19:36
18 Қараша 2026, 19:36
61
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Виктор Федюнин

Каспий теңізі тартылуын жалғастыруда. Бұл табиғатқа ғана емес, теңіз жағалауында тұратын халыққа да қауіп төндіріп отыр. Қазақстан Каспий маңындағы бес елді құр мәлімдемелермен шектелмей, теңіздің таяздану мәселесін бірлесіп шешуге көшуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және оның деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл мақсатында халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады.

Халықаралық кездесуде сөз сөйлеген қазақстандық тарап орташа жылдық температураның өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден 2,5 есе асатын Каспий өңіріндегі климаттық өзгерістердің үдеуіне алаңдаушылық білдірді.

Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауы, жағалаудағы қауымдастықтардың әл-ауқаты және аймақтың тұрақты дамуы үшін таяздықтың әсеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Каспий теңізінің деңгейін төмендету мәселесі бойынша Үкіметаралық комиссия құруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Каспий су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны ілгерілетуді қоса алғанда, Каспий маңы мемлекеттерінің бастамаларын құптады.

Әрі қарайғы жұмыстың басым бағыттары ретінде Қазақстан Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы бойынша 2026-2036 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді, бірлескен мониторинг пен болжау жүйелерін нығайтуды, сондай-ақ жағалау аумақтарын бейімдеу шараларын әзірлеуді қоса алғанда, саяси уағдаластықтардан бірлескен шараларды практикалық іске асыруға көшуді белгіледі.

Қазақстан COP31-ге ұсынған Каспий өңірі үшін басым экологиялық және бейімдеу жобаларын іске асыруға жәрдемдесуге арналған өңірлік инвестициялық бағдарлама жеке атап өтілді. Қазақстан сондай-ақ халықаралық ұйымдарды, қаржы институттарын және даму бойынша серіктестерді тарту үшін Каспий теңізінің достары платформасын одан әрі дамытуды жақтады.

Каспий теңізін сақтауда нақты және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қолданыстағы өңірлік тетіктер, ең алдымен Тегеран конвенциясы негізінде бес Каспий маңы мемлекеттерінің күш-жігерін шоғырландыру қажеттігі аталып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан депутаттары Каспий қадағалаусыз қалдғанын, теңізде бірде-бір бақылау станциясы жоқ екенін айтты. 

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Каспийді сақтау үшін Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін бөлісуге дайын

Тоқаев: Каспийдің тартылуы тек экологиялық емес, экономикалық дағдарысқа айналды

Қазақстан Каспийде ЖИ мен спутниктік технологияны қолдана отырып, мониторигтің бірыңғай цифрлық платформасын құруды ұсынды

Наверх