Каспий флотилиясы кемелері Ақтау портына достық сапармен келді

10 Қыркүйек 2019, 01:38
1893
Бөлісу:
Каспий флотилиясы кемелері Ақтау портына достық сапармен келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флотының кіші артиллериялық «Махачкала» кемесі мен кіші гидрографиялық «Анатолий Гужвин» кемесі Ақтау қаласы портына достық сапармен келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы Каспий флотилиясына кемелер жасағының келуі екінші мәрте өткізіліп отырғандығын айтады. Кездесудің басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту және дамыту.

Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы мен Маңғыстау облысы басшылығы Ресей Әскери-теңіз флоты өкілдерін қарсы алды. Сапар барысында ресейлік әскери кемелер экипажы үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, екі елдің әскери қызметшілері физикалық дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар, мәдени бағдарлама аясында өлкетану мұражайында болды.

«Қазіргі таңда Қазақстан Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флоты арасындағы ынтымақтастық кадрларды дайындау саласында жүргізілуде.  Сондай-ақ, қазақстандық офицерлер Санк-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясында кеме командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, флагмандық мамандықтары бойынша барлық әскери-теңіз бағыттарында курстық оқуды игеріп, қазақстандық курсанттар әскери теңіз мамандықтары бойынша Ресейдің аталмыш жоғарғы оқу орнында білім алуда. Каспий су айдынында ресейлік және қазақстандық бірлескен оқу-жаттығулары жиі өтеді»,- делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы