Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының орталық кеңсесінде Бас кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда 2023 жылы ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарының Қауіпсіз еңбек жылы аясында өткізілген қызметінің қорытындылары шығарылды.
ҚРКФ мүшелік ұйымдары Қауіпсіз еңбек жылын өткізу шеңберінде өз қызметін жарақаттану деңгейін, өндірістегі жазатайым оқиғаларды төмендету және қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің денсаулығын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға бағыттады.
Есепті жыл ішінде Кәсіподақтар федерациясы 2030 жылға дейін ҚР-да Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеуге тікелей қатысты. ҚРКФ-нан жобаға 20-дан астам ұсыныс енгізілді, олардың бір бөлігі 2023 жылғы 26 желтоқсанда Үкімет бекіткен тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі құралдарының бірі ретінде Үкімет, республикалық қызметкерлер бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы әлеуметтік әріптестікті атады.
Әлеуметтік әріптестік институтының республикалық деңгейдегі уәкілетті органы әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия (РҮК) болып табылады. Бұл функцияны салалар деңгейінде Салалық үшжақты комиссиялар, өңірлік деңгейде – облыстық комиссиялар жүзеге асырады.
Өткен жылды қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Бас Кеңес мүшелеріне Федерацияның норма шығару қызметі туралы да айтып берді. 2023 жылы ҚРКФ Ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде 33 заң жобасын қарауға қатысты.
Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына Кәсіподақтар федерациясы шешім қабылдау үшін қажетті қызметкер дауыстарының саны 2/3-ден 1/2-ге дейін,еңбек төрелігін құру және шешім қабылдау бойынша мерзімдер 5 жұмыс күніне қысқартылды, саны 50 адамнан аспайтын «бір сағаттық ескерту ереуілін» өткізу құқығы енгізілді.
Сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша өткен жылы қабылданған Әлеуметтік кодекске еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшерін 25 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы тармақтар енгізілді және платформалық жұмыспен қамту бөлігінде мәселе реттелді.2023 жылдың 21 желтоқсанында Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заңға қол қойылды. 55 жасқа толған адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді (кемінде 84 ай зейнетақы жарналары болған және еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда).
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшелері мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ҚРКФ жүргізіп жатқан жұмыстар назардан тыс қалмады. Федерацияның халықаралық аренадағы мақсатты қызметі соңғы төрт жылда халықаралық кәсіподақ қоғамдастығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен (ХКК) және шетелдік кәсіподақ орталықтарымен сындарлы диалог пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік берді.
2023 жылы федерация мен аумақтық бірлестіктер 47 мыңға жуық кәсіподақ мүшелерін қамтитын түрлі форматтағы 721 оқыту семинарын өткізді. «Білім беру марафоны», Кәсіподақ көшбасшысы мектебі, «Кәсіподақ десанты» және «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту» оқыту жобалары ағымдағы жылы да жалғасатын болады.
Кәсіподақ идеологиясының басым құрамдас бөліктерінің бірі ҚРКФ басшысы кәсіподақтардың жастар саясатын атады. Бүгінде жастардың кәсіподақтардағы өкілдігі 25%-ды құрайды. Әр өңірде «Келешек» жастар кеңесі жұмыс істейді. Өткен жылы кәсіподақтардың жас мүшелерінің қатысуымен өткен іс-шараларға 8 мың жас қазақстандық қатысты. «Келешек» жастар кеңесінің еріктілері үлкен жұмыс атқаруда. «Кәсіподақ көмектеседі», «Мектепке жол», «Игі істер марафоны» акциялары бойынша демеушілерді тарта отырып, 33 млн.теңгеден астам көлемінде үш мың отбасына материалдық қолдау көрсетілді.Жастар кеңесі биыл кәсіподақ жастары үшін «Қысқы лагерь» өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Көшбасшылар шеруі» конкурсы өткізу жоспарланып отыр, - делінген Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығының ақпаратында.
«Ағымдағы жылы біз әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Қазақстанда лайықты еңбек стандарттарын белсенді түрде ілгерілетуіміз керек, мысалы, еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды іске асыру мақсатында елдегі әлеуметтік әріптестікті нығайту; лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту; еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғауды жақсарту сияқты негізгі бағыттарға баса назар аударуымыз керек. Осыған байланысты биылғы жылды Лайықты еңбек жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Алдағы кезеңге арналған кәсіподақтардың алдында тұрған негізгі міндеттердің қатарында Сатыбалды Дәулеталин ХЕҰ-мен бірлесіп Лайықты еңбектің ұлттық бағдарламасын қабылдауды атап өтті.