Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты

15 Шілде 2022, 10:33
1174
Бөлісу:
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты. 233, 3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 5,6 мың адам жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 102 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың, жастар практикасымен 9,7 мың, қоғамдық жұмыстармен 77,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 182 адам,  «Күміс жас» жобасы аясында 816 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 34 мыңнан астам адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. 

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.   

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.

Өзгелердің жаңалығы