Кәсіпкерлермен монополияға қарсы келісім жасалды

8 Қаңтар 2021, 23:23
1306
Бөлісу:
Кәсіпкерлермен монополияға қарсы келісім жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздің бірнеше облысында монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерін жасады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1 бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз көтерілмеу мақсатында аталған тауарларды өндіру және сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлерімен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерін жасады.

Монополияға қарсы комплаенсті қарау қорытындысы бойынша, оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №65 бұйрығымен бекітілген сыртқы комплаенстің үлгілік актісіне сәйкестігі туралы қорытынды жасалды.

Агенттік Жамбыл облысы кәсіпкерлерімен, Атырау облысы және Шымкент қаласы өндірушілерімен монополияға қарсы актісін жасады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында олардың өсу кезеңіне интервенция жүргізу арқылы құрылды.

Монополияға қарсы комплаенс - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі.

Өзгелердің жаңалығы