Кәсіпкерлерге 500 грант бөлінеді

22 Желтоқсан 2022, 17:17
1240
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге 500 грант бөлінеді

Алматыда келесі жылы креативті индустрия кәсіпкерлері үшін жалпы сомасы 500 млн теңгеге 500-ге дейін грант бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. Алматының креативті индустрияларды дамытудағы әлеуетін ескере отырып, «Almaty creative» Даму институты құрылды. 

2023 жылы бастапқы капиталдандыру 10 млрд теңге болатын венчурлық қорды пилоттық іске қосу жоспарға енген, оның 50%-ы жеке қаражат.

Қорды басқаруды бас әріптес, атап айтқанда, креативті салада жұмыс тәжірибесі бар және конкурстық негізде таңдалған және тиісті құзыреттері мен дағдылары бар институционалдық инвесторлардың қатысуымен тікелей инвестициялар қорларын басқаратын тәуелсіз халықаралық басқарушы компания жүзеге асырады, - деді Әлішер Әбдіқадыров. 

2023 жылға қала бюджетінде 5 млрд теңге қарастырылған. Жеке инвестициялар есебінен кемінде 5 млрд. теңге тартылады. 

Қордың инвестициялары бес бағытқа – кино, сахна өнері, музыка, цифрлық ойын-сауық, дизайн және сән салаларына шоғырландырылады. Алматыда креативті индустрия саласында 27 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы