Кашмирде Қытай мен Үндістан әскерилері атысты

16 Маусым 2020, 16:10
2016
Бөлісу:
Кашмирде Қытай мен Үндістан әскерилері атысты

Алматы, BAQ.KZ.  Кашмир аймағындағы Ладака даулы аумақта атыс болып, Үндістанның үш сарбазы қаза тапты. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Қазір екі тараптың әскери шенділері жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Қытай жағдайды шиеленістермес үшін Үндістанға біржақты әрекет қабылдамауға үндеген. Сондай-ақ Қытай тарапы шекараны бұзып, әскерилерге шабуыл жасады деп Үндістанды айыптап отыр.

Бұған дейін Үндістан Ладакха аңғарына мыңдаған әскер аттандырды деп Қытайды айыптаған болатын. Он жылдан бері екі держава арасында мұндай қақтығыс болмаған. 1962 жылы екі ел арасында бір рет соғыс болған.

Кашмирдің солтүстігіндегі таулы аймақта екі ел арасында даулы мәселе бұрыннан бар. 1993 және 1996 жылдары Қытай мен Үндістан даулы аймақта бейбітшілікті сақтау жөнінде келісімге келген.
Өзгелердің жаңалығы