Қаржылық пирамида директорлары ұсталды

16 Қаңтар 2021, 15:16
2199
Бөлісу:
Қаржылық пирамида директорлары ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С. есімді азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. есімді азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот «қамауға алу» түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С есімді азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазір оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Қазір тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.



Өзгелердің жаңалығы