Қаржы министрлігі whatsаpp арқылы кеңес береді

11 Қазан 2021, 22:38
4003
Бөлісу:
Қаржы министрлігі whatsаpp арқылы кеңес береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы WhatsApp нөмірі бойынша кеңес беруді бастайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бүгіннен бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы WhatsApp нөмірі бойынша кеңес беруді бастайды. Ол 1414 бірыңғай нөмірі бойынша (қосымша нөмірі 3) өтініштерді қабылдаумен қатар, 8 707 550 1056 WhatsApp нөмірі арқылы жеке тұлғалардың салық міндеттемелері бойынша кеңес береді - делінген хабарламада.

 

 

 

Сұрақтар жұмыс күндері таңғы 9 -дан кешкі 18.30 -ға дейін қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы