Қаржы министрлігі «көлеңкелі экономикамен» қалай күреспек

19 Ақпан 2021, 11:28
1068
Бөлісу:
Қаржы министрлігі «көлеңкелі экономикамен» қалай күреспек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді.

Оның айтуынша, бұл министрлік алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Оған қарсы іс – қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жоспар оның деңгейін жалпы ішкі өнімге 23,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Қазір экономиканың барлық салалары мен жүйелері бойынша жоспарды жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бюджетті тұрақты кіріс көздерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешуді біз салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру есебінен іске асырудамыз, - деді ол. 

Тек соңғы үш жылдың өзінде жоғарыда аталған шаралар бюджетке 2 триллион теңгеден астам, оның ішінде 2020 жылы-710 млрд теңге қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Өздеріңіз білетіндей, «көлеңкелі» экономика көлемін қысқарту үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі енгізілді. Осыған байланысты кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,- деді министр. 

Сонымен қатар ол салықтық-кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың жоспарларымен бөлісті. 

Оның айтуынша, ең алдымен салық әкімшілік жүйесі мен мәліметтер базасы интеграцияланатын болады. 

Бұл мемлекеттік органдардан алынған мәліметті бірыңғай базада автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ірі салық төлеушілерге арналған горизонтальді мониторингілеу жүйесі енгізілмек. Ол салық төлеушілерге салықтық бақылау аясында шығындар мен тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді, - деді ол. 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен мәлімет алмасу аясында деофшоризациялау жұмыстары жүргізілетін болады. Биылдың өзінде 102 юрисдикцияда ашылған резиденттердің есепшоты туралы мәлімет алу жоспарда.

Өзгелердің жаңалығы