Қаржы министрлігі биыл бес бағыт бойынша жұмыс істейді

19 Ақпан 2021, 11:04
1774
Бөлісу:
Қаржы министрлігі биыл бес бағыт бойынша жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрлігі биылғы жұмыстарын бес бағыт бойынша топтастырды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Оның айтуынша, алдағы жоспардың негізгі бес бағыты бар – бюджетті оңтайландыруды реттеу, салық-кедендік әкімшілікті цифрландыру, осылайша «көлеңкелі экономикамен» күресу, мемлекеттік активті басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру мен мемлекеттік аудиттің сапасын жақсарту.

Соның ішінде, мемлекеттік бюджетті оңтайландыруды реттеуге тоқталар болсақ, жақын арада биылғы республикалық бюджеттің параметрлері мен шығындары анықталатын болады. Сәуір айынан бастап алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет қалыптасады. Оның ішінде NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Президенттік стратегиялық бастамалары ескерілетін болады, - деді ол.
Оның айтуынша, бюджетті жетілдіру үшін өткен жылдың соңында Бюджеттік кодекске өзгерістер енгізілді.

Ол бюджеттік және стратегиялық жоспарлауды горманизациялауды, салынған қаржының экономикалық қайтарымын жоғарылату мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруды көздейді.
Өзгелердің жаңалығы