Қарулы Күштерде вакцинация қалай жүріп жатыр?

25 Шілде 2021, 12:17
3339
Бөлісу:
Қарулы Күштерде вакцинация қалай жүріп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әскери дәрігерлер жеке құрамға екпе салу шараларын өткізіп, азаматтық ұйымдардағы әріптестеріне көмектесіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Әлбек Манабаев айтып берді.

Қазіргі кезде Қарулы Күштерде санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп есептеуге болады. Өйткені жеке ауру жағдайлары тіркелгенімен, жаппай таралу жағдайлары жоқ.Сондай-ақ имунизация жүргізілгеніне қарамастан, COVID-19-ға қарсы барлық іс-шаралар жалғасуда. Әскери медициналық бөлімдер мен мекемелер қажетті медициналық құралдармен, маскалармен, қолғаптармен, санитайзерлермен қамтамасыз етіліп жатыр. Үй-жайларда желдетілу, дезинфекциялық іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Ауру ошағы пайда болған жағдайда карантин іс-шаралары қолданылады. Әскери қызметшілердің денсаулығына мониторинг жүргізіледі, - деді Әлібек Манабаев.

Оның айтуынша, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге келетін болсақ, олар екі қайтара ПТР тестілеуден өтеді.

Біріншісі - жергілікті басқару органдарында, екіншісі - әскери бөлімге келген кезде. Жол бойында маскалармен, санитайзерлермен қамтамасыз етіледі. Келгеннен кейін екі аптаға оқшауланады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл бүгінгі таңда тиімді іс-шара болып есептеледі. Бүгінгі күнде Қарулы Күштерде имунитет қалыптасты. Вакцинаның бірінші компонентін жеке құрамның 99%-зы алса, толық вакцина алғандардың саны 92%-ды құрайды. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жанұя мүшелері, соның ішінде 18-ге толған балалардың да вакцинация алу мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгінгі күні вакцинация алмағандар тек іс-сапардағылар және медициналық қарсы көрсетілімдер бар адамдар. Вакцинаны медициналық әскери бөлімдердің мобильді бригадалары жүргізіп жатыр және жергілікті тұрғылықты мекен-жайы бойынша азаматтық емханаларда алып жатыр, - деді ол.

Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі айтқандай, пандемия басталғаннан бері бюджеттің қаражатынсыз екі стационарлық ПТР-зертханалары іске қосылған.

Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында. Бұдан басқа екі мобильдік ПТР мүмкіндігі бар зертханалар сатып алынды, олар Ақтау және Семей қалаларында жұмыс істеп жатыр. Жоспарда тағы осындай мобильді ПТР-зертхана сатып алу бар. Қазіргі кезде медициналық құрам штаттары әскери инфекционист, эпидемиолог, вирусолог мамандарымен толықты. 2020 жылы пандемия басталғаннан бері Қарулы Күштер бірден COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған болатын. Бұл тек әскери медицинаның жұмысы деп айтуға болмайды. Өйткені, РХБ қорғаныс бөлімшелері дезинфекциялық іс-шараларға қатысуға тартылды, әскери полиция патрельдеуге, блок-посттарға қатысты, ІІМ-мен бірге санитарлық блок-посттарға әскери қызметшілер қатысты, - деді Манабаев.

Ол атағандай, төрт әскери-емдеу мекемелері: Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған және Үшарал қалаларында COVID-19 ауруларын емдеуге жұмылдырылған болатын.

Олар инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қолданысқа берілді. Қысқа уақытта Тараз қаласынан Алматы қаласына мобильді-далалық госпиталь орналастырылған болатын. Ол 100 керуетке арналған, қажетті рентгенологиялық, өкпені желдету аппараттарымен, оттегі баллондарымен толық қамтамасыз етілген болатын. Сонымен қатар Ақтөбе мобильдік госпиталі, әскери лазареттегі мобильдік бөлімшелер және 23 дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар әзір болды. Осы жылғы сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әскери госпитальдер инфекциялық-стационар ретінде қайта жабдықталды.Мұнда коронавирустық індетке шалықдыққан науқастарды, азаматтық сектордағы науқастарды емдеуге жұмылдырылды. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласындағы клиникалық-госпиталь осы бағытта жұмыс істеуде. Қарулы Күштердің әскери медицинасы отандастарымызыдың денсаулығын сақтауға әрқашан дайын болды және дайын тұрады деп айтуға болады, - деді ол.
Әлібек Манабаев атағандай, Қарулы Күштердің COVID-19-ға қарсы жұмылдырылуы қазіргі уақытта талдаудан өтуде.
Қолданыстың талдау нәтижесі бірнеше ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылданды.Мәселен, РХБҚ департаменті құрылды, әскери медициналық, әскери-көліктік авиация мүмкіндіктері күшейтілді. Одан кейін тек соғыс уақытында ғана емес, бейбіт уақытта да қолданылатын қос мақсаттағы компоненттердің мақсаты арта бастады. 23 маусымда қорғаныс министрі Мәскеу қаласында 9-шы халықаралық қорғаныс конференциясына қатысты. Ол жерде Қарулы Күштерінің COVID-19-бен күресу бойынша тәжірибесімен алмасты. Бұл басқа елдердің қорғаныс ведомстволарының ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің басшылары тарапынан үлкен баға алды. Ал, жүргізіліп жатқан іс-шараның тиімділігіне баға беретін болсақ, соңғы алты айда армияда жаппай аурудың болмауы соның кепілі, - деді полковник.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрінің үстемақыны реттеу туралы бұйрығы азаматтық әріптестері сияқты әскери саладағы қызметкерлерге де қатысты.

Шілде айында ол 100% сақталады, келесі екі айда – 50%-ға, одан кейін басқа алгоритммен есептеледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы