Картоп бағасы 170 теңге. Өнімнің 70% тұтынуға жарамсыз

10 Сәуір 2023, 16:00
1064
Бөлісу:
Картоп бағасы  170 теңге. Өнімнің 70% тұтынуға жарамсыз
Фото: bryansk.bezformata.com

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбек бойынша делдалдық схемаларды тергеу бойынша Өңірлік комиссиямен бірлесіп, тұрақты түрде өндірушіден тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасуының мониторингін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Департамент әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының өнім сапасына мониторинг жүргізіп, баға - сапа қатынасына сайлығы тексерілді. Мониторинг барысында, Талдықорған қаласының ірі супермаркеттерінде Жетісу "ӘКК" АҚ жеткізетін картоп 170 теңгеден сатылған, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады, алайда сатылатын картоптың сапасы өте төмен болып шықты, өнімнің 70% тұтынуға жарамсыз, - делінген хабарламада.

Департамент бастамасымен аталған мәселе Өңірлік комиссия отырысында қарастырылып, облыс әкімдігіне және "Жетісу ӘКК" АҚ профильді бөлімшелеріне тиісті нұсқаулар берілді.

Сауда орындарының әкімшілігімен және жеткізушілермен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде, жарамсыз картоп ауыстырылып, оның бағасы 1 килограмм үшін 170 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендетілді.

"Жетісу ӘКК" АҚ-на, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер мен сатушыларды бақылауын күшейту туралы тиісті тапсырыс берілді.

Өзгелердің жаңалығы