Қармақшыдағы медициналық мекемелерге 6 автокөлік алынды

18 Наурыз 2021, 08:45
1431
Бөлісу:
Қармақшыдағы медициналық мекемелерге 6 автокөлік алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшыдағы медицина мекемелеріне 6 автокөлік берілді. Ақжар ауылдық дәрігерлік емханасы мен Шипагер дәрігерлік емханасына бір-бір автокөліктен берілсе, орталық емханаға 1 жылжымалы медициналық кешен автокөлігі және 3 автокөлік табысталды, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.

Ауданда медицина саласын дамытуға күш салып келеміз. Қазіргі таңда емханаларды түрлі техника, қажетті құралдармен жабдықтап жатырмыз. Бұл тұста кәсіпкерлер де көмегін аяп жатқан жоқ. Мәселен, өткен жылы ауданының кәсіпкерлері мен сыртта жүрген азаматтарымыз демеушілік жасап, құны 54 млн 223 мың теңге көлемінде қаржылай және заттай көмек жасады. Оның ішінде дәрі-дәрмек, керекті құрал-жабдықтар, оттегі баллондары мен концентраторлар, рентген мен ИВЛ аппараттары алынды. Коронавирус инфекциясын таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шарасына аса мән берудеміз, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.

Қазіргі таңда ауданда 4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр. Оның екеуі аудандық ауруханада, екеуі Төретам ауылдық ауруханасында. Айта кетейік, былтыр ауданға «КазГерМунайГаз» компаниясының демеушілігімен 12 өкпені жасанды желдету аппараты, 46 оттегі концентраторы алынды.

Өзгелердің жаңалығы