Кәрі құрлықта биыл туризм қайта жандана бастады

1 Қыркүйек 2022, 22:58
1060
Бөлісу:
Кәрі құрлықта биыл туризм қайта жандана бастады

Зерттеуге қарағанда Францияда жаз айларында сала қарқынды дамып 2019 жылғы деңгейге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап. 

Бесінші республикада аптап ыстыққа қарамастан қонақ үйлердің кірісі 2019 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан.

 Францияда туризм елдің ішкі жалпы өнімінің 8 пайызын құрайды. Бұл салада 2 миллионға жуық адам жұмыс істейді. 

  Қайта емін-еркін саяхаттауға мүмкіндік туғаны қандай керемет! Мен жолдасыммен әуе компаниясында жұмыс істеймін. Індет кезінде көп қиыншылық болды. Адамдардың қайта көптеп саяхттай бастағанына өте қуаныштымын, - дейді  италиялық саяхатшы Серена Веронезе.

Былтыр негізінен жергілікті саяхатшыларға қызмет еткен едік. Биыл дәмханамызға келіп жатқан туристердің басым бөлігі шетелдіктер. Сондықтан саяхатшылар қайта оралды деп нық сеніммен айта аламын,- дейді даяшы Ксавье Саррасен.

Өзгелердің жаңалығы