Кардиология және ішкі аурулар институтында ішекті зерттеудің «алтын стандарты» қолданылады

22 Сәуір 2022, 18:43
1938
Бөлісу:
Кардиология және ішкі аурулар институтында ішекті зерттеудің «алтын стандарты» қолданылады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Ресейдің жетекші МЕДСИ Premuim компаниясының профессоры, м.ғ.д. Петр Щербаковтың қатысуымен клиника мен Алматы қаласының гастроэнтеролог және эндоскопист дәрігерлері үшін шеберлік класс өткізілді. Шеберлік класс барысында Smart Capsule бейнекапсулалық эндоскопияның тұсаукесері өтті. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Институттың Басқарма төрайымы  профессор Роза Қуанышбекова әр маман өз білімін үнемі жаңартып, жаңа дағдыларды игеріп, медицина саласындағы инновациялар туралы хабардар болуы тиіс деген ойында.

Біз пациенттердің сапалы, уақытылы және білікті медициналық көмек алуы үшін үнемі біліктілігімізді арттырамыз, шеберлік кластарға, семинарларға қатысып, әріптестермен бірге тәжірибе алмасып отырамыз. Институт стратегиялық серіктестік шеңберінде алыс және жақын шетелдің халықаралық клиникалық орталықтары мен университеттерімен ынтымақтастықты орнатты. 2014 жылдан бастап біздің институтта Қазақстанда тұңғыш рет бейнекапсулалық эндоскопия жасалды, осы бірегей зерттеуді жүргізуде тәжірибе жинақталды. Бейнекапсулалық эндоскопия – бұл гастро- және колоноскопияның дәстүрлі әдістеріне қолжетімсіз жіңішке ішек аумағын визуализациялауға мүмкіндік беретін капсуланың көмегімен асқазан-ішек жолдарын зерттеудің заманауи әдісі,-дейді ол.

Кардиология және ішкі аурулар институтында ішекті зерттеудің «алтын стандарты» қолданылады

Бұл зерттеудің ерекшелігі – ішек толығымен тексеріледі екен. Пациент жайсыздықты сезінбейді, зерттеу жүргізу үшін наркоз жасаудың қажеттілігі жоқ.

Процедура ешқандай ауыртпалықсыз өтеді. Бейнекапсула бір реттік қолданыста болатындықтан, пациенттің жұқтыру мүмкіндігін болдырмайды. Зерттеуді амбулаториялық жағдайда да, сондай-ақ стационар жағдайында да жүргізуге болады,- деді Роза Тохтанәлиқызы.

MEDSI Premuim клиникасы директорының орынбасары Петр Щербаковтың айтуынша, заманауи капсулалар жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған, кескін сапасы айтарлықтай жақсарған. Сондай-ақ ол қазақстандық мамандар – эндоскописттердің жақсы дайындығын атап өтті.

Кардиология және ішкі аурулар институтында ішекті зерттеудің «алтын стандарты» қолданылады

Клиниканың эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Владислав Зелинскийдің айтуынша, асқазан-ішек жолдарын процедураға дайындағаннан кейін, зерттеу жүргізген күні пациенттің беліне жазып отыратын қондырғы ілінеді. Пациент әдеттегі таблетка секілді капсуланы жұтады. Капсула табиғи түрде асқазан-ішек жолымен қозғалады, орнатылған камера суретке түсіреді, барлық ақпарат жазып отыратын құрылғыға жіберіледі. Әдетте алынған жазбаның ұзақтығы 14-15 сағатты құрайды. Эндоскопист дәрігер алынған мәліметтерді талдап, қорытынды береді. Капсула біраз уақыттан кейін ағзадан өзі табиғи жолмен шығады.

Кеше біз зерттеуге кірісіп кеттік. Бүгін мәскеулік әріптеспен бірге алгоритмдердің көмегімен пациенттің бейне және фото суреттерімен жұмыс істейтін боламыз, алынған деректерді зерттеп, қорытынды береміз, - дейді дәрігер.

Зерттеудің осы әдісі темір жетіспеушілігі анемиясы кезінде жіңішке ішектен қан кету, жасырын қанға нәжістің оң нәтижесінің болуы, жіңішке ішектің қабынып ауруы, оның ішінде Крон ауруына және жіңішке ішек ісігіне күдік туындаған жағдайда, тұқым қуалайтын полипоздары бар пациенттерге,  іштің түсініксіз ауруы және белгісіз этиологияда жылдам салмақ жоғалту жағдайында көрсетілетіндігін айта кеткен жөн. Бейнекапсула жіңішке ішекті мейлінше мұқият зерттейді.

Капсулалық эндоскопия жіңішке ішек ауруларын диагностикалауда «алтын стандарт» болып табылады.   
 

Өзгелердің жаңалығы