Қараша айы COVID-19 өсімі бойынша рекорд орнатты

3 Желтоқсан 2020, 18:08
1427
Бөлісу:
Қараша айы COVID-19 өсімі бойынша рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша коронавирус пандемиясының алғашқы төрт айында қанша адам вирус жұқтырса, күздің соңғы бір айында сонша адам инфекцияға шалдыққан.

Қараша айында әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 17,3 миллионға артты. Бұл қазан айымен салыстырғанда 5,6 миллионға көп, деп хабарлайды ТАСС.

Сонымен қатар қараша айындағы жағдай пандемияның алғашқы төрт айындағы жағдаймен бірдей. Салыстырмалы мәнде өсім де көтерілген - 35%-дан 38%-ға дейін. Қазанмен салыстырғанда өлім саны 1,7 есеге артты - қарашада 280 мыңға жуық өлім тіркелген. 

Індеттен емделіп шыққандар саны айтарлықтай өсті - 8,6 миллион адамға, бұл қазан айымен салыстырғанда 3,5 миллионға көп. Осыған қарамастан, емделушілердің үлесі 66,8%-дан 64%-ға дейін төмендеді.

Қазан айында аурудың тез таралуы байқалған Еуропада Германия, Италия және Польшадан басқа барлық жерде жағдай тұрақтанды. Алайда АҚШ-та аурудың өсу көрсеткіші тағы артып келеді, онда өткен айға қарағанда күніне екі есе көп вирус жұқтырғандар анықталып жатыр. Мұндай жағдай Азия елдерінде де байқалады.

Өзгелердің жаңалығы