Карантиндегі студент: Менде бәрі жақсы

21 Наурыз 2020, 15:15
1722
Бөлісу:
Карантиндегі студент: Менде бәрі жақсы

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 14 күндік оқшауландыруда жатқан Айдана Капен денсаулығының жақсы екендігін айтты. Францияда білім алатын студент қыз 18-наурыз күні Қарағандыға Минсктен ұшып келген ұшақта болған.

Кешегі жаңалықтардан кейін көп адамдар маған хабарласып, денсаулығымды сұрап жатыр. Менде бәрі жақсы. Бірақ әлі де дәрігерлердің қарауында карантинде болу қажет. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын,- дейді Айдана Капен.
Студенттің айтуынша госпитальдағы палатасы басқа карантинде жатқандардың палатасы сияқты қарапайым палата. Медициналық мекемеде фото, бейне түсіруге рұқсат жоқ. Сондықтан студент қыз госпитальды, палатаны да суретке түсірмеген.
Шыдауға болады. Достарым айтпақшы, қатты төсек омыртқаға пайдалы. Бүгін палатаны желдету үшін терезе ашылғанда даладан келген көктемнің исі мен құстардың үні наурыз мейрамының келгенінен хабар беріп тұрғандай болды. Шыныменде, қазір табиғат жаңарып жатқандай. Бәрі аяқталғанда біз саябақтарда қыдырып, күннің сәулесіне шомылатын боламыз. Барлығының жақсы болатынына сенемін. Ең бастысы дәрігерлердің айтқанын мұқият тыңдап, күйзеліске түспеу керек, – деген студент қыз барлық қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтады.


Өзгелердің жаңалығы