Карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды

23 Шілде 2020, 23:12
1461
Бөлісу:
Карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында карантин уақытында карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

20 шілде күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шаралар жүргізді. Шара барысында карантин талаптарын елемей, мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады. Нәтижесінде Нұртас шағын ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан "Ақ сарай" демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды.

Бұл жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған.

ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 802-бап 2-бөлігін "Құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ, басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар" негізге ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.


Өзгелердің жаңалығы