Карантин жағдайында бизнес қалай жұмыс істейді? – Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

21 Қаңтар 2022, 15:18
1802
Бөлісу:
Карантин жағдайында бизнес қалай жұмыс істейді? – Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде Үкіметке карантин жағдайындағы бизнестің жұмысын қайта қарауды тапсырды.

Қазақстанда шағын және орта бизнес әлі дамымай отыр. Осының барлығына, әсіресе карантин шараларын қатаңдату кезінде мемлекет пен бизнесмендер арасындағы сенімсіздік әсер етіп отыр, - дейді Тоқаев.

Ол Үкіметке карантин жағдайындағы бизнестің жұмысын қайта қарауды тапсырды.

«Омикрон» штамы түріндегі COVID-19 әдеттегі құбылысқа айналып келеді. Бұл вируспен көптеген адам ауыруға мәжбүр болатын сияқты. Бірақ мұндай жағдайда ШОБ үшін қатаң карантиндік шаралар, әсіресе, қызмет көрсету саласына қаншалықты тиімді? Мен Үкіметке осының бәрін қайта қарауды ұсынамын. Осы жағдайларда неліктен ШОБ-ты тұншықтырып, экономикаға тиімсіз жағдай жасауымыз керек? – деп айтты Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы