Алматы: Екі күнде карантин тәртібін бұзу жөнінде 70-ке тарта шағым түскен

8 Шілде 2020, 19:05
1428
Бөлісу:
Алматы: Екі күнде карантин тәртібін бұзу жөнінде 70-ке тарта шағым түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 5-7 шілде аралығында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жедел желісіне тұрғындардан 69 өтініш түскен. 

Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, соның ішінде көрсетілген мекен жайлар бойынша тексеру жүргізілді. 15 шағым расталмады.
 
Осыған дейін Алматы әкімдігі карантин шараларының бұзылуы анықталған жағдайда қала тұрғындарының хабарласуы үшін байланыс нөмірлерін жариялаған болатын. Қаланың әрбір ауданы бойынша өз телефон нөмірі бар және сол арқылы хабарласуға болады:
 
-        Алатау ауданы – 8 (775) 781-45-50;
-        Алмалы ауданы – 8 (701) 716-59-25;
-        Әуезов ауданы – 8 (701) 400-91-93, 8 (747) 761-55-82;
-        Бостандық ауданы – 8 (701) 122-30-59;
-        Жетісу ауданы – 8 (701) 107-17-90, 8 (747) 557-40-71;
-        Медеу ауданы – 8 (707) 822-40-78;
-        Наурызбай ауданы – 8 (707) 752-79-27;
-        Түрксіб ауданы – 8 (701) 194-07-19, 8 (705) 189-52-89, 8 (707) 189-52-89.
 
Бұл нөмірлер бойынша әрбір азаматтың карантин тәртібін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жеке жүгіну құқығы бар екенін еске саламыз.
Расталмаған шағымдар санын азайту үшін хабарласар алдында мемлекеттік органдарға жүгінудің белгіленген тәртібін ескеру қажеттігін атап өткен жөн.

Осылайша, өтініш қаралуы үшін осы нөмірлер бойынша хабарласқан азаматтарға бірінші кезекте өзінің аты-жөнін таныстырып, тәртіпбұзушылық байқалған мекен жайды хабарлап, сонымен бірге, бұзушылық жайлы толық ақпарат беруі қажет. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарына мүмкіндігінше тәртіп бұзушылық дәлелдерін фотосурет немесе видео форматында беру ұсынылады. Ол жауапкершілікке тарту кепілдігін қамтамасыз етеді. Жасырын өтініштер, сонымен бірге, мәселенің мәні түсіндірілмеген жасырын өтініштер қаралмайды, - делінген хабарламада. 

Жалпы Алматы қаласында әкімнің тапсырмасымен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасуда. Биыл 7 шілдеде қала бойынша 36 мобильді топ (құрамында аудандық әкімдіктердің, Тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері енген) жұмыс істеген. 896 нысан бойынша мониторинг жүргізілді, соның ішінде 21 нысанның жұмысы тоқтатылды. 15 нысанға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды:

-        Алатау ауданы – шектеу нормаларын бұзғаны үшін 2 нысан (1 автокөлік жуу орны, 1 ТҚКО) және 2 нысан (1 балабақша, 1 процедуралық кабинет) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

-        Наурызбай ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 нысан тартылған (1 шаштараз, 1 сұлулық салоны, 2 автокөлік жуу орталығы, 1 ТҚКО);

-        Түрксіб ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін 4 нысан тартылған (ТҚКО, 2 автокөлік жуу орталығы, вулканизация) және 2 (дүкен, дәмхана) нысан санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен бірге, мониторингтік топтар қызметтеріне рұқсат етілген және бақылауға алынған 278 нысан бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


 

Өзгелердің жаңалығы