Карантин талаптары. Бір аптада 480-нен астам нысан тексерілді

4 Қараша 2020, 21:56
1198
Бөлісу:
Карантин талаптары. Бір аптада 480-нен астам нысан тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев хабарлады.

Алматыда эпидемиологтардың мәліметтеріне сәйкес, қазан айында коронавирус инфекциясының тіркелуі қыркүйек айымен салыстырғанда өскені байқалады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша карантин режимі мен санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуын анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейту бойынша Әуезов ауданында ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап аудан бойынша мобильді топтар жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 8 қазаны мен 4 қараша аралығында барлығы 482 нысан тексерілді, - деп атап өтті Р.Кенеев. 

Оның ішінде:

- 8 нысанның қызметі анықталды және тоқтатылды;
- ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 97 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жеке тұлғалар маскасыз болған;
- 3 нысан бойынша әкімшілік рапорт жасалып, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды;
-131 нысан бойынша санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- 21 заңды тұлғаға 21 рапорт жасалды.

Мониторингтік топтардың тыйым салуына және күнделікті жұмысына қарамастан, жаппай іс-шараларды өткізу жалғасуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар үйлену тойларын, узату, той, туған күндерін өткізуді жалғастыруда. Бұл инфекцияның таралу қаупін арттырады, - деп атап өтті Р.Кенеев.

Осылайша, ауданның бірнеше банкет залдарында іс-шаралар өткізілді, істер бойынша барлық материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына одан әрі жұмыс істеу үшін берілді, осы нысандардың иелеріне айыппұл түрінде жаза қолданылады. Сондай-ақ, карантин режимін бұзуды жалғастырып жүрген компьютерлік клубтардың, бильярдтардың, кальян мекемелерінің қызметіне тыйым салынған.

Мысалы: "Yota game club" компьютерлік клубы, "Лабиринт" кальян мекемесі сияқты мекемелерге Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, жеке кәсіпкерлерге мемлекет кірісіне жалпы 634 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осыған байланысты Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына үндеу жолдады.

Біз тәртіпті ұстанып, жинақы жүруіміз керек: жұмыста, үйде, күнделікті өмірде, қоғамдық орындарға барғанда бетперде киіп, қажеттілік туындамаса, сыртқа шықпау керек. Инфекция алдында әлсіз адамдарды - бұл ең алдымен егде жастағы азаматтар және созылмалы аурулармен ауыратындарды қорғау керек. Сонда ғана біз барлық қиындықтардан аман өтіп, қалыпты өмір салтына орала аламыз, - деді Ренат Кенеев.
Өзгелердің жаңалығы