Карантин талабын сақтамаған тағы бір мейрамхана жабылды

24 Желтоқсан 2020, 19:57
1196
Бөлісу:
Карантин талабын сақтамаған тағы бір мейрамхана жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша қабылданған шектеу шараларына қарамастан, өңірлерде эпидемиологиялық ахуалды карантин талаптарын өрескел бұзушылар ауырлатуда.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мысалы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Солнечный» мейрамханасы санитариялық талаптарды бірнеше рет бұзғандығы, оның ішінде 200 адамның қатысуымен өткізілген отбасылық іс-шараның өткізілгені анықталды.

Анықталған алғашқы 4 факт бойынша мейрамхана әкімшілеріне төрт рет жалпы сомасы 166 680 теңгеге айыппұл салынды. Содан кейін банкет өткізгені үшін мейрамхана иесіне 319 470 теңге айыппұл салынған. Карантин талаптарын өрескел бұзғаны үшін, сот шешімімен мейрамхана қызметі 2 айға тоқтатылып, 277 800 теңге айыппұл салынған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы