Карантин талабын бұзған 137 дерек тіркелді – Қызылорда облысы

8 Сәуір 2021, 05:25
2375
Бөлісу:
Карантин талабын бұзған 137 дерек тіркелді – Қызылорда облысы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында мониторингтік топ жыл басынан бері 1904 нысанды тексерген. Нәтижесінде карантин талабын бұзған 137 дерек анықталып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

Карантин ережесін бұзу дерегінің көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарында тіркелген. Атап айтқанда, персонал келушілерге жеке қорғаныш құралдарынсыз қызмет көрсеткен, караокелер мен кальяндар жұмыс жасаған, ғимараттың толымдылығы 30 пайыздан аспауы қажет болса да, келушілердің санына шектеу қойылмаған, қызметіне тыйым салынса да компьютерлік клубтар жұмыс жасаған. 

Бүгінде 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Топтың құрамына полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам белсенділері мен еріктілер – барлығы 128 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда карантин талаптары еңбек ұжымдарының барлығында бірдей сақтала бермейді. Әсіресе 8 наурыз, 22 наурыз мерекелеріне орай өткізілген ұжымдық іс-шаралар кезінде карантин талаптарын сақтамаған бірқатар ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексінесәйкес айыппұлдар салынды, – деді Динара Олжабайқызы. 

Сондай-ақ IV тоқсан басталғалы бері 29 карантин талаптарын бұзушылық анықталған. Бұған қоса, халыққа бетпердесіз қызмет көрсеткендігі үшін медициналық және мемлекеттік ұйым қызметкерлеріне де әкімшілік айыппұлдар салынған.

Арнайы мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін күн сайын тексеру жүргізуде. Мәселен облыс орталығының өзінде 1500-ден астам нысан мен тұрғын үй араланды. Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамай той және басқа да рұқсат етілмеген мерекелік шаралар жасаған 83 жағдай анықталған. Сонымен қатар 52 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шара қолданылған.

Талаптардың сақталуын қадағалау топтың жұмысы болғанымен, барлығын аралау мүмкін емес. Мониторингтік топтардың қызметі жазалау шараларынан тұрмайды. Түсіндіреміз, ескерту жасаймыз. Баршаңыздан карантин талаптарын сақтауды сұраймыз, – деді арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Ләззат Бақтыбаева. 

Өзгелердің жаңалығы