Карантин. ШҚО-да билет бағасы қайтарылады

7 Қараша 2020, 23:05
1380
Бөлісу:
Карантин. ШҚО-да билет бағасы қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да пойызға билетті алдын ала сатып алған жолаушылар билеттерін қайта өткізіп, ақшасын толық қайтара алады.

Altaynews порталының мәліметіне қарағанда, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты «Алматы 2 – Өскемен 1» және «Нұр-Сұлтан – Өскемен 1» бағытындағы рейстердің саны қысқарды.  Сондай-ақ, сапарға шығар алдында барлық жолаушыларға ең кемі үш күн бұрын ПТР-тест тапсыру қажет деген шарт қойылып отыр. Тест тапсырып үлгермегендер жолдан қалатыны анық. Сондықтан билеттің бағасы жолаушыға толық қайтарылады.

Айта кетсек, облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың зерттеу таңбаларымен жұмыс істей алатын 10 зертхана қызметін үздіксіз атқарып тұр. Қосымша төрт жаңа талдау пункті ашылып отыр. Оның екеуі Семейде, екеуі Өскеменде. Қазіргі таңда ПТР тес тапсырушылардың кезегі азайған екен.

Өзгелердің жаңалығы