Карантин кезінде заңсыз автожарыс ұйымдастырған қапшағайлық ұсталды

27 Наурыз 2020, 22:40
1246
Бөлісу:
Карантин кезінде заңсыз автожарыс ұйымдастырған қапшағайлық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Қапшағай қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3 бөлігін өрескел бұзған С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотқа мәлім болғандай, жергілікті тұрғын құқық бұзушы С. 2020 жылы 23 наурыз түнгі сағат 22:00 шамасы, Алматы-Өскемен тасжолында заңсыз автокөлік жарысын өткiзген.

Қапшағай қалалық соты құқық бұзушы С-ны кінәлі деп танып, оған жаза ретінде, 26510 теңге әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енгеннен кейін, тағайындалған жазаны өз еркімен орындауға 30 (күн) мерзім белгіленді - делінген Қапшағай қаласы сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Елімізде "төтенше жағдай" жариялануына байланысты, карантин кезінде заңсыз әрекеттерді жасау фактілері жиілеп отыр, осыған орай азаматтарды, төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауды шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы