Қарақшы 17 жасар қыздың ақшасын ұрлап кеткен

29 Қараша 2021, 19:28
1168
Бөлісу:
Қарақшы 17 жасар қыздың ақшасын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға қала тұрғыны, түнгі уақытта белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызының қолынан ақшасын тартып алып кеткені жөнінде арызданады, деп хабарлады Полиция департаменті.

Анықталғанындай, жас қыз түнгі сағат 22.00 шамасында Бөгенбай батыр даңғылындағы дәріханаға дәрі-дәрмек алу үшін барады. Содан қайтар жолда ол қалдық ақшасын санауды ұйғарады. Осы уақытта өтіп бара жатқан ер адам ақшаны көріп, оларды тартып алып, қашып кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол бұрын сотталған 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ақшаны көрсетпеуге ескертеді. Полицейлер ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына еріп жүруді ұйымдастыруды ұсынады. Құқыққа қайшы әрекеттер орын алған жағдайда дереу полицияның «102» арнасына хабарлау қажет,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы