Қарағандыда жеңіл өнеркәсіп саласында 2 мыңға жуық адам еңбек етеді

10 Наурыз 2021, 22:20
2818
Бөлісу:
Қарағандыда жеңіл өнеркәсіп саласында 2 мыңға жуық адам еңбек етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өзіндік құны төмен импорттық тауар өндірушілердің қатаң бәсекелестігі жағдайында облыстың жеңіл өнеркәсібін қалай дамытуға болады? Бұл мәселені біздің бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен бірге талқыладық. Жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің екі есеге өсуіне қарамастан, ол бар болғаны 11,4%-ды құрайды. Жеңіл өнеркәсіп бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 2021 жылы жергілікті қамту үлесі бойынша кемінде 65,5% нысаналы индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет, - деп жазды әкім.

Оның айтуынша, бұл ретте қарағандылық тігін кәсіпорындарының қуатын арттыруға әлеует бар. 

Қазір облыста 430-дан астам өндіріс жұмыс істейді, онда 2000-ға жуық адам еңбек етеді. Қарағанды кәсіпорындарында тапсырыстардың болуы арқылы жұмыс орындары мен салық түсімдерін қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз екенін атап өткен орынды. Мысалы жергілікті фабрикалар өз өнімдерін ауруханалар мен мектептерге көбірек жеткізіп, Полиция департаменті мен басқа да ведомстволардың сатып алуларына қатыса алады. Сондықтан конкурстық рәсімдерді оңайлату және жергілікті өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысулары үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз, - деп атап өтті Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы