Қарағандыда заңсыз балық аулағандар ұсталды

10 Наурыз 2021, 04:25
2016
Бөлісу:
Қарағандыда заңсыз балық аулағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аумақтық жануарлар әлемі және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылғы 5 наурызда тәртіп сақшыларына Балқаш көлінің маңында жүрген «УАЗ» автокөлігі күдік тудырған. Полиция қызметкерлері аталған көліктен балық аулауға арналған құралдарды жасырмақ болған екі азаматты ұстады. 

Заңсыз балық аулаумен айналысқан азаматтардың Балқаш қаласының 41 және 43 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері бірнеше қапқа салынған балықтарды тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрайды. 

7 наурыз күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының полицейлері Балқаш көліне жақын маңдағы елді мекендердің маңынан 37 жастағы азаматты ұстап, одан екі қапқа салынған балықтар тәркіленді. Заңсыз балық аулау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы